🌙
Рамазан айы құтты болсын!

Жоба ұйымдастырушысы

Нұр-Мүбарак мешіті

Жобаның мақсаты

Күнделікті амалдарды орындау арқылы жақсы амалдарды бойыңызға дарытып, осы жылғы Рамазанды өзгеше өткізу

🔹
Қалай қатысуға болады?
🔹

1
Сайтқа тіркеліп, тапсырмаларды орындау барысын қадағалаңыз.
2
Күн сайын жаңа тапсырма ашылады.
3
Тапсырмаларды орындап, жетістіктеріңізді бақылаңыз және ағашқа «жемістер» жинаңыз.
4
Рамазан айының соңында сізді тосын сыйлар күтіп тұр!

Тіркелу бар болғаны бірнеше минутты алады!

🌳
Жақсылықтар ағашы

Әр орындалған тапсырма – сіздің ағашыңыздағы жаңа жапырақ немесе жеміс! Неғұрлым көп сауапты іс жасасаңыз, соғұрлым ағашыңыз жайқалып өседі. Бұл ағаш сіздің рухани өсуіңіздің және игілікке ұмтылысыңыздың белгісі болсын!

🤲
Бұл Рамазан сіз үшін берекелі болсын!

Осы ерекше сапардың бір бөлігі болғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жақсылық жасауды жалғастырыңыз, иманыңызды нығайтыңыз және ізгі амалдарыңызды көбейтіңіз. Алла Тағала сіздің барлық амалдарыңызды қабыл етіп, екі дүниеде де берекелі етсін!